14.05.2020, 19:20
Оқылды: 220

ҰБТ-ға онлайн дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда

 2017 жылдан бастап мектеп бітірушілермен  бірінші кезеңде – мектептерде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Мектеп бітірушілерге арналған бұл мемлекеттік емтихан тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

A174E963-A756-4C32-AB75-2E1534535C6E

Екінші кезең Ұлттық бірыңғай тестілеу, жоғары және немесе (жоғары) оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі.

ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз. Маусым айында өтетін ҰБТ-ға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға тапсырады.

ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз.

Маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді 2020 жылдың 15 сәуірнен бастап мамырдың 10-на дейін онлайн қабылданды.

ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді.

Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ-ы өткізу технологиясы сақталады.

ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейнебақылау қондырғылары қолданылады.

ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органы білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады.

ҰБТ ағымдағы жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

2020 жылғы мектеп бітірушілер саны облыс бойынша - 5 142, соның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіргендер - 4 366.  

ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары БАҚ, интернет ресурстарда,  Facebook, Instagramәлеуметтік желілерінде жүргізілуде.

Білім басқармасының bbdo2020 парақшасында  11-cынып оқушыларына арналып ҰБТ-ға он-лайн дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.

  БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале