20.09.2023, 16:30
Оқылды: 126

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымы басталды

Клубтар арасындағы айтулы турнирдің қазіргі жеңімпазы «Манчестер Сити» топтық кезеңдегі алғашқы турда «Црвена Звезда» командасын қабылдап, ірі есеппен басым түсті. Бұл туралы 24.kz жазды.

9F8D7205-DBA6-4485-96C8-527CEA4B20AD

Сурет: Reuters

Сербиялық ұжым үшін матч сәтті басталған еді. 45 минут қорғанған қонақтар, қарсы шабуылға шығып, Осман Букари «Црвена Звезданы» алға жетеледі. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. Бірнеше минуттан кейін «Манчестер Сити» сапынан Хулиан Альварес таразы басын теңестірді.

Аргентиналық шабуылшы Еурокубок додасын сағынып қалған секілді. Үзілістен кейін де белсенді ойнап осы кездесудегі екінші голын еншісіне жазды. 73-ші минутта Родри мергендік танытып, матчқа нүкте қойды.

Чемпиондар лигасының алғашқы турындағы өзге ойындарға келсек, «Милан» - «Ньюкасль» тең түсті. «Янг бойз» «Лейпцингке» есе жіберді.

«Барселона» «Антверпенді» жеңді. «Лацио» мен «Атлетико» да жеңімпазды анықтай алған жоқ. ПСЖ Дортмундтың «Боруссиясынан» айласын асырды. «Фейеноорд» «Селтиктің» осал тұсын тапты. Украинаның «Шахтері» «Портуға» жол берді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале