Абу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінің баспасөз мәслихатында журналистер промоушен басшысынан Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетінін сұрады, деп хабарлайды qazaqparat_kz.

Фото: QazAqparat_kz
— Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, — деп жауап берді Дана Уайт.
Қазіргі уақытта UFC-де Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетеді. Олар: Шавкат Рахмонов (19-0), Асу Алмабаев (24-3), Дияр Нұрғожай (12-2), Николай Веретенников (14-8) және Әліби Ыдырыс (10-1, 1 NC).