22.10.2022, 17:00
Оқылды: 83

Үгіт-насихат кезеңі басталды

«АMANAT» партиясы БҚО филиалында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың отырысы өтті. Жиында «АMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, өңірлік қоғамдық штабының жетекшісі Мұрат Мұқаев кеше 21 қазанда сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын, оған өңірлік штабтың әзір екендігін, барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілгенін, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалғанын айтты.

12

- Облыс бойынша барлығы 1 өңірлік, 13 аумақтық қоғамдық штабтар құрылып, онда барлығы 380 адам енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың өңірлік қоғамдық штабы 58 адамнан тұрады. Оған қоғамдық пікір көшбасшылары, жазушылар, ақындар, білім беру, мәдениет қызметкерлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, және блогерлер енді. Сонымен қатар облыстық штабқа халық коалициясының өкілдері: «Ақжол» партиясы, «ҚХП», «Республикалық ардагерлер кеңесі», «Қазақстан мәслихаттарының бірлігі» және «QAZAQSTAN TEAM» кірді. Штабтың 182 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие. Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кестені қабылдап, бекіттік. Облыс бойынша 2354 іс-шара, 482213 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 87 тікелей және онлайн форматтағы 153 мыңның үстінде адам қамтылады. Бекітілген кестеге сәйкес белсенді фаза Орал қаласында, барлық аудандар мен елді мекендерде басталып, одан әрі 477 елді мекендерде қамтылады. Сонымен қатар штаб жанынан біздің өңірдің «Жастар рухы» жастар қанаты әзірлеген 320 белсенді, сондай-ақ біздің жастардың сеніміне ие болған жас жақтастары енді,-деді Мұрат Рахметұлы.

14

Оның айтуынша, облыстағы қала мен аудандарда үгіт-насихат материалдарын бекітетін 441 орын анықталып, белсенділер кеше өз жұмысын қарқынды бастап кеткен. Сондай-ақ барлығы 53 билборд, ситиборд және мегасайттың 17-сі Орал қаласында, 36-сы аудандарда ілінген. Сол сияқты Орал қаласындағы 7 және Жәнібек ауданының орталығындағы 1 ЛЭД экранда үгіт-насихат роликтері көрсетілуде.

Қоғамдық штаб отырысында коалиция мүшесі, «Қазақстан халық партиясы» БҚО филиалының төрағасы Борис Лаврентьев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, «Қазақстан мәслихаттары бірлестігінен» БҚО мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева, коалиция мүшесі, «Ақжол» демократиялық партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Виталий Куликов, «QAZAQSTAN TEAM» республикалық қозғалысының өкілі Рустам Шайхиев Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, сөз сөйледі.

13

- Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты. Мемлекет басшысы халықтық коалиция форумында «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деп мәлімдеді. Президент осы арқылы барша халықты елімізді бірге дамытуға шақырды. Мемлекет басшысының қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстан құруды көздейтін реформаларын жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет. Атамекенді көркейту -  әр азаматтың парызы. Бұл іске әркім өз үлесін қосуы керек,- деді жиын соңында өңірлік қоғамдық штаб жетекшісі Мұрат Мұқаев.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале