9.04.2022, 14:30
Оқылды: 50

Уилл Смит 10 жылға «Оскар» марапаттау рәсімінен шеттетілді

Америка киноакадемиясы Уилл Смитке он жыл бойы «Оскар» марапаттау рәсіміне және осы ұйымның басқа да шараларына қатысуға тыйым салды. Осылайша актер 2022 жылғы Оскар марапаттау рәсімінде төбелескені үшін жазаланды. Ол орнынан тұрып, комик Крис Роктың бетінен ұрып, кейін оған былапыт сөздер айтқан болатын.

220409123751686e

Смитке үкім кино академиясының виртуалды отырысында шығарылды, онда танымал Голливуд актеріне қандай жаза қолданылатыны талқыланды.

Смит өз әрекеті үшін кешірім сұрады, алайда бұл жеткіліксіз болды.

Академия мәлімдемесінде биылғы марапаттау рәсіміне Смиттің сахнадағы қауіпті әрекеті көлеңке түсіргені айтылады. Смиттің шеттеттілу мерзімі 2022 жылдың 8 сәуірінен басталады.

Бұған дейін Смит осы оқиғаға байланысты академия құрамынан кететінін мәлімдеген болатын. Ол «киноакадемияның сенімін ақтамағанын», өз әрекеті үшін қайғыратынын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале