25.02.2024, 17:30
Оқылды: 14

Ұйқының қанбауы адам өмірін қысқартады – ғалым

1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Осыған байланысты көпшілік арасында түрлі сауал туындағаны да жасырын емес. Алайда, ғалымдар құптап отыр. Бірінші пайдасы түнгі ұйқы табиғи уақытқа жақындайды. Соның арқасында тынығу уақыты бір сағатқа ұзарады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Астролог, этнограф-ғалым Болат Бопайұлы айтты, деп хабарлайды Kazinform.

изображение_2024-02-25_162855835

Ғалымның сөзінше, бұрын уақыт - әр белдеуге, әр өңірге, әр аймаққа түсіретін күн сәулесімен есептелген.

«Бағзы заманда сағат болмаған, уақытты «мама ағашпен» (жылқы байлайтын ағаш қазық), адам өз көлеңкесімен немесе аспан арқылы білген. Мысалы, «тал түс», «таң алау», «қызыл іңір». Кеш тоқсан тоғыз түлеп батады, таң тоқсан тоғыз түлеп атады. Түн де солай. Адамдар соған қарап-ақ уақытты білген.

Қазақта екі уақыт есебі бар. Шәмшия – күн және Қамария- ай. Бізде ай есебімен жүрген. Өйткені, аспандағы айдың толуы, қараңғылы және жарығымен сағат уақытын есептеп, біліп отырған», - дейді Болат Бопайұлы.

Ғалым көктемнің алғашқы күнінде жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжыту өте дұрыс шешім деп есептейді.

«Таңғы сағат 4 пен 7-ге дейінгі аралықта ауа тазарады. Осы уақытта адам ағзасы күні бойына күш жинап алады. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ұйқының кезеңі басталады. Егер ұйықтамайтын болсаңыз, ұйқы менен ұйқысыздық кәдімгідей соғысады. Ұйқыны ұйқысыздық жеңетін болса, имунитет, ас қорыту жолдары, ойлау жүйесі, есту қабілеті, көру, дене қуаты әлсірейді. Содан, адам өмірі қысқарады, жазылмайтын ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан бір сағат артқа шегеру дұрыс. Бір сағат ұйқы, 24 сағатқа күш қуат береді», - дейді Болат Бопайұлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале