Гастроэнтеролог Алия Усеева ұйықтар алдында майлы тамақ жемеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Рassion"-ға сілтеме жасап.
Фото: pixabay.com
Дәрігердің айтуынша, ұйықтар алдында майлы тамақ жеу қыжыл және асқазанда ауыртпалық тудырады.
"Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу әдеті - жай ғана жағымсыз әрекет емес, ол денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол асқазан, ұйқы безі және бауыр ауруларының дамуына ықпал етеді, ұйқыны бұзады және артық салмақ қосып алуға себепші болады", - деді Усеева.
Маман ұйықтауға үш-төрт сағат қалғанда кешкі ас ішуге, соның ішінде көкөністер, балық немесе буға (немесе суға) пісірілген тауық жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол порция мөлшерін бақылау және көп тамақ жеп қоймау керегін айтты.