14.07.2026, 21:00
Оқылды: 23

Үкімет астық, мақта және қант қызылшасын өңдеушілерді қолдайды

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау тетіктерін кеңейтуді тапсырды.

photo_5379636260290372208_y

Фото: KZgovernment

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Азық-түлік корпорациясына астық өңдеу өнімдерін тасымалдау кезіндегі шығындарды өтеу жөніндегі операторлық өкілеттікті беру жүктелді. Бұл отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға және қант қызылшасын тасымалдауға инвестициялық субсидиялау тетігі енгізіледі. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында ішкі нарықты етпен толықтыру және экспортты арттыру үшін өңір әкімдіктеріне асыл тұқымды мал басын сатып алуды жеделдету тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале