12.12.2022, 16:45
Оқылды: 46

Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлмек

Мемлекеттің азаматтардың табысын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы үкіметте айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2

Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, несиеге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға 70 млрд теңге бөлу көзделген. Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр.

"Осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп болжанды", - делінген үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазір халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға дейін, мұғалімдердің – 25%-ға, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы – 20%-ға, өндірістік персоналдың жалақысы – 10-50% аралығында көтерілді.

Бағдарлама аясында биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Сонымен қатар биыл  830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 233 мыңы – жастар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале