ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады
8 Тамыз 2022

ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
8 Тамыз 2022

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк
8 Тамыз 2022

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк

Қамкөңіл  жандарға  қамқорлық  күшейе ме?
8 Тамыз 2022

Қамкөңіл жандарға қамқорлық күшейе ме?

Жаңа тағайындау
8 Тамыз 2022

Жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады
8 Тамыз 2022

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады

Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1

Сурет: Egemen.kz

Онда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басты тауар нарықтарын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Атап айтқанда, мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, сондай-ақ жалпы, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды жақсарту үшін МӨЗ мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу, мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу, мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту және т.б. ұсынылды.

Тауарлық газ нарығын реформалау бойынша биржалық сауда-саттықты енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газға қол жеткізу ережелерін қабылдау ұсынылды, бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды.

Сондай-ақ отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды.

Жалпы, Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20%-ға дейін арттыру, әуежайларда Ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту, ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық банктік бағдарламалық интерфейстер стандарттарын (Open Banking и Open API) енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Сонымен қатар отырыс барысында электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарын демонополизациялау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале