28.02.2022, 15:45
Оқылды: 92

Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жасайтын жерге келді

Киев делегациясы дүйсенбі күні Беларусьпен шекараға Ресеймен келіссөздерге қатысу үшін келді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

220228160536a3905285d

«Украина делегациясы украин-беларусь шекарасы аумағына Ресей Федерациясы өкілдерімен келіссөзге қатысу үшін келді. Келіссөздердің өзекті мәселесі – оқ атуды шұғыл тоқтату», - деді агенттік.

Киев делегациясы құрамына елдің қорғаныс министрі Алексей Резников пен Президент Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк кірген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале