25.03.2024, 11:40
Оқылды: 32

Ұландық жауынгер халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

21-23 наурыз күндері Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында ересектер арасында самбо спортынан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Бұл сайысқа Беларусь, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия және т.б мемлекеттерден келген 250-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттарының да жеңімпаздары бар.

InShot_20240325_113914167

Сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Утегулов бақ сынаған болатын. 58 келі салмақта күш сынасқан ұландық өз қарсыластарына тек жартылай финалда есе жіберді. Ал сайыс қорытындысы бойынша ұландық жауынгер жүлделі үшінші орынды иеленді.

                                                          ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале