3.11.2023, 16:15
Оқылды: 16

Ұландықтар «Burkit» фильмін тамашалады

Кешеден бастап еліміздің барлық кинотеатрында шынайы оқиға негізінде түсірілген «Burkit» арнайы жасағы туралы фильм көрерменге жол тартқанын хабарлаған болатынбыз.

c62c8ea6-8dc3-4a86-8332-e313c29e6f8a

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фильмді ұландықтар да тамашалаған.

84fdaf76-7d11-4e7f-b4c1-47b98068ce03

Фильмді көруге Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы, «Батыс» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев және бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

c732e49e-ca2c-41fa-add6-cd9900b39daa

- «Burkit» арнайы жасағы туралы фильмнің басты мақсаты –кинокартинаның кейіпкерлері арқылы өскелең ұрпаққа, жастарға, болашақ отан қорғаушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу. Сонымен қатар Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрсету, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Ерден Балғымбаев.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале