28.07.2026, 16:00
Оқылды: 11

Ұландықтар Оралда адасып кеткен бүлдіршінді ата-анасына аман-есен табыстады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында тағы бір мәрте қырағылық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

5208ae5f-7a79-49fa-a215-a2bf42257756

Сағат 22:30 шамасында патрульдеу бағыты бойынша қызмет атқарып жүрген әскери жасақ Орал қаласы, Мөңкеұлы көшесі, 85/6 мекенжайында ересектердің қарауынсыз жүрген кішкентай қыз баланы байқайды.

Жасақ құрамындағы сержант Райымбек Нағымов, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Сұлтан Құрманғалиев пен Темірлан Шохатов бүлдіршіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болған жағдай туралы кезекші қызметке жедел баяндады. Кейін қыздың ата-анасын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып, көп ұзамай бүлдіршін анасына тапсырылды.

– Ұландықтарға қырағылықтары, жедел әрекеттері және адамгершілік танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің отбасымызға бейжай қарамай, баламызды аман-есен табуға көмектескендеріңіз үшін мың алғыс! – деді бүлдіршіннің анасы.

Әскери қызметшілердің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылы ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алып, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға әрдайым көмек қолын созуға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале