28.12.2023, 23:08
Оқылды: 76

Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балаларына араналған Жаңа жылдық кеш өткізілді. Әсем безендірілген шырша аясында Аяз ата мен Ақша қар балалардың көңілін көтерді.

IMG-20231228-WA0098

Мерекелік кеште көпбалалы отбасыларға Орал қалалық әкімдігінің атынан 45 билет тегін таратылса, «Қазақстан халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы бүлдіршіндерге 40 дана Жаңа жылдық сыйлық беріп қуантты.

Осылайша Аяз ата мен Ақша қар Жаңа жыл қарсаңында балалардың жүзіне күлкі сыйлап, қуанышқа бөледі.

IMG-20231228-WA0099

Мерекелік жиынға қатысушылар мен олардың балаларына демеушілік тарапынан түрлі тәттілер, сыйлықтар табысталды. Бұл іске Орал қаласының әкімдігі, «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы және 5517 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі белсенді атсалысқан.

Шаттық пен қуанышқа толы мерекелік жиын анимациалық кейіпкерлердің қойылымына ұласты.

Ертуған Әубакир,

Капитан

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале