10.11.2020, 9:06
Оқылды: 45

Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастыруда

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 25 186 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

банк

«Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. «7-20-25» бағдарламасы бойынша биыл 5 қарашада 295,3 млрд теңгеге 25 186 өтінім мақұлданды, оның ішінде 232,1 млрд теңге сомасына 19 891 қарыз берілді«, - деді ҰБ төрағасы.

Сонымен қатар ол «Баспана Хит« бағдарламасы бойынша да қомақты қаражат игерілгендігін баса айтты.

«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 5 қарашада 404,5 млрд теңге сомасына 45 866 өтінім мақұлданды. 320,6 млрд теңгеге 37 176 қарыз берілді«, - деді Ерболат Досаев.

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале