ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізілетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес жеке тұлғалардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды. Ел Үкіметі бұл норманың күшін жоюды немесе депозиттер бойынша сыйақыларға қандай да бір салық түрін енгізуді қарастырып жатқан жоқ.