9.02.2024, 9:30
Оқылды: 15

Ұлттық киноны қолдау орталығы дубляж үшін конкурсты қайта бастады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері және отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қайта қабылдауды бастады.

Бұл туралы орталықтың сайтына жазылды.

vert-kz-cyr

Дубляжға арналған фильмдерді іріктеуге қатысу үшін сізге 28 ақпанға дейін өтінішті қағаз және электронды түрде, келесі құжаттар мен материалдарды жіберуі керек:

1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) Фильмдердің атаулары, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектілері туралы қысқаша ақпарат көрсетілетін, негізгі кейіпкерлер сипатталатын, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар қамтылатын фильмдердің презентациясы;

3) фильмдердің қысқаша мазмұны (синопсис);

4) фильмдерді дубляждау шығындарының сметасы;

5) кинематографиялық ұйыммен дубляж жасауды жүзеге асыруға ниет туралы шарттардың көшірмелері.

Шет тіліндегі құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде іріктелген фильмдердің тізімі олардың қысқаша мазмұнымен бірге www.kazakhcinema.kz сайтында алдын ала онлайн дауыс беру үшін орналастырылады, дауыс беру 20 жұмыс күніне созылады. Дауыс беруге кез келген адам қатыса алады.

Онлайн-дауыс беру нәтижесінде іріктелген фильмдер бойынша өтінімдер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдер және отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларына сәйкес Сараптамалық кеңестің қарауына беріледі.

Өтініш пен құжаттар пакетін қағаз түрінде өтініш берушілер жұмыс күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 85, "Алматы" қонақ үйі, 2 қабат, "Алматы" конференц-залы және Астана қаласы, Мәңгілік ел 30, 3-қабат мекенжайлары бойынша ұсынады.

Конкурсқа қатысу туралы қосымша ақпаратты Киножобаларды өндіру бөлімінің сарапшысы Айгүл Измаганбетовадан (+ 7 707 125 73 68) алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале