24.01.2023, 16:30
Оқылды: 127

Ұлттық мектеп лигасы бастау алды

Ұлттық мектеп лигасы ойындары басталды. Шаһардың 50 мектебінің оқушылары қатысатын спорттық жарыс баскетбол, футбол, волейбол, гандбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, шахмат, гимнастика, шаңғы, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерінен өтеді.

13

Қалалық дене шынықтыру және спорт, білім беру бөлімдерінің бірлесіп ұйымдастырылатын бәсекелерге 20 000-нан аса оқушыны тартылмақ. Ол ақпаратты қалалық спорт бөлімі таратты.

Осынша ауқымды іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды, сонымен қатар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен.

12

Жарыстар жыл бойы жалғасады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале