17.10.2022, 9:15
Оқылды: 97

Ұлттық мереке ұлықталмақ

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 25  қазан  –  ұлттық мемлекеттік мереке  –  Республика күні болып белгіленді. Қазақстанның тарихында атаулы күн қайта жаңғырады. Бүкілхалықтық мерекеге байланысты облыс бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов хабарлады. 

4e2f952f-2067-4b60-97b3-ceed73b25c36

Барлық ауданда ҚР Президентінің мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі, салтанатты жиналыс пен мерекелік концерттер өтеді. Мемлекетті дамыту, саяси мәдениетті жаңғырту мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Республика күні қайырымдылық айлығымен тұспа-тұс келіп отырғаны да есепке алынды. Экологиялық акциялар өткізу де жоспарда бар. Облыстық ассамблеяның қолдауымен этномәдени бірлестіктер патриоттық челлендждерді іске қосады, – деді Ерболат Исанов.  Брифингте облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев салтанатты жиын, мерекелік концерт, театрландырылған қойылым, кітапхана көрмелері мен музейлерге экскурсия және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты.

– Бірқатарын тілге тиек етсек, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйытқы болуымен 22 қазан күні сағат 16.00-де Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында мерекелік концерт өтеді. Қалалық жастар сарайының ұжымы Тұңғыш Президент алаңында 25 қазан күні  сағат 18.00-де «Менің елім, менің Қазақстаным» мерекелік концерттік бағдарлама ұсынады.  Республика күніне орай Теректі  ауданының орталығында  тарихи-өлкетану музейі және Бәйтерек ауданында «ШЫҢ» сазды-драма театрына арналған ғимарат салтанатты түрде ашылады. Осы театр ұжымы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «РУХ» қойылымын сахналайды, – деді Қуанышбек Жанболатұлы.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале