6.05.2023, 17:24
Оқылды: 166

Ұлттық ұлан әскері  - ұлттың ішкі қуаты

7 мамыр – еліміз үшін Отан қорғаушылар күні. Биыл дәл осы күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толады. Осы ретте еліміздің тыныштығын темірқазықтай қамтамасыз етіп отырған құқықтық тәртіп әскері  - Ұлттық ұланның сарбаздары ел дамуына елеулі үлес қосып келеді.

WhatsApp Image 2023-04-06 at 21.57.57

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 40-қа жуық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін мүлтіксіз күзетуде. Былтыр ҚАЖ мекемелеріне тиім салынған заттарды лақтырудың 164 дерегі тіркеліп, 118 азаматтық тұлға қолға түсті. Соның ішінде 1200-ден аса ұялы телефон, 700-ден аса SIM-карта, 170 мыңға жуық ақша, 639 дана есірткі, 7 литрге жуық спирт тәркіленді.

Сондай-ақ күн сайын бес мыңнан аса сарбаз полиция қызметкерлерімен бірге 20 қалада қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайды. Тәуліктің 24 сағатында жауынгерлік қызмет атқарады. Ұлттық ұлан жасақталғаннан бергі уақытта 13 мыңнан аса қоғамдық-саяси және басқа да бұқаралық іс-шараларда қарауыл қызметін атқарды. Атап айтқанда, 2022 жылдың 13-17 маусым аралығында Мемлекет басшысының қатысуымен Жезқазған қаласында өткен Ұлттық құрылтайда жауынгерлеріміз қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.  12-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен «Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі»,  «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралар кеңесі», «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшыларының» саммиті, Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы  және тағы басқа да ауқымды шараларға атсалысқанын атап өтуге болады.  Былтыр Ұлттық ұлан әскерінің қатысуымен қоғамдық тәртіптіке қатысты 4 мыңнан аса патрульді-посттық тапсырмалар орындалды. Нәтижесінде 19 213 азамат ішкі істер органдарына тапсырылды. 43 миллионнан аса қаржы айыппұл ретінде мемлекеттің пайдасына төленді. 81 дана суық қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

02 (5)

Осы уақытқа дейін 248 әскери қызметші көрсеткен ерліктері мен жанқиярлығы, Отанға деген риясыз адалдығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Ұлттық ұланда «Халық Қаһарманы» Қайрат Үмбетов қызмет етеді. Қайрат Жарылқасынұлы өз өмірін қатерге тіге отырып, сарбазды жарылған гранатадан құтқарған.  Сондай-ақ әскер  ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Жандос Баянбаевты мақтан тұтады. Ал III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Ербол Отарбаевқа  «Алтыншы бекет» атауымен көркем фильм арналған. Ақтөбеде қылмыскерлермен ұрыс кезінде жараланған сарбаздар бүгінде келісімшарт бойынша қызмет етеді. Олардың біреуі – Сырым Сүндет офицер болды.

GVK_1130

Құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлері аға буыннан эстафетаны қабылдай отырып, өздерінің әскери еңбектерімен әскери даңқты және жауынгерлік дәстүрлерді жалғастырып келеді.

IMG_9399

Бүгінде Ұлттық ұлан құқықтық тәртіп пен ішкі тұрақтылықтың мызғымас тірегі, ел азаматтарының қауіпсіздігінің кепіліне айналып үлгерді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале