5.06.2022, 10:41
Оқылды: 129

Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Конституциялық референдумға дауыс берді

Бүгін елімізде Конституциялық референдум басталды. Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын берді.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 10.33.08

Таңғы сағат 6.00-де 5517 әскери бөліміндегі №479 дауыс беру учаскесінде жеке құрам Конституциялық референдумға дауыс берді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары, полковник Бақыт Алазовтың айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болған. Әскери қызметкерлердің жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы да саяси науқанға түгел қатысқан.
Дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталса, осы уақытқа дейін 100 пайыз дауыс беріп үлгерген. Сайлауға қатысушылардың басым бөлігі – 18-ге енді толған, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған жас сарбаздар. Әскери бөлімде әр өңірден келген 20-дан аса ұлт өкілдері қызмет атқарады.
Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал және Жаңаөзен қалаларында орналасқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметкерлер де референдумға белсенді қатысуда.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале