25.01.2022, 17:15
Оқылды: 223

Ұлттық ұлан-қауіпсіздік қалқаны

Қазақстанда жаппай наразылықтар 2022 жылдың алғашқы күндерінде басталды. Сол кезде еліміздің батысындағы Жаңаөзен және Ақтау қалаларының тұрғындары сұйытылған газ бағасының екі есе өсуіне қарсы болды.Содан кейін наразылықтар басқа қалаларға, соның ішінде Алматыға, ескі Астанаға және Республиканың ең ірі қаласына таралды: онда тонау басталды, қаруланған содырлар мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасады.

2201071133350866g

Еліміз үшін қиын кезеңде қалыптасқан жағдайға байланысты "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында наразылық білдіруші азаматтарға қысым көрсету бойынша қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылды.

майор Кусаинов и старший лейтенант Юсупов (2)

Осы орайда, 2022 жылғы 5 қаңтарда 3502 әскери бөлімнің жауынгерлік қамтамасыз ету взводының командирі старшина Алтынбек Үсенов Камаз автокөлігімен Маңғыстау өңірінде қызмет өткеру бойынша көмек көрсету үшін Нұр-сұлтан қаласынан Ақтау қаласының әуежайына келген   полиция қызметкерлерін  Департмент полициясына жеткізді.

2201071133298762g

Камаз автокөлігімен старшина Алтынбек Үсенов жеке құрамды тасымалдау барысында шерушілер тарапынан кедергілер жасау және жүру жолында жолды бұғаттау арқылы шабуыл жасалды.

Шебер әрі батыл іс-қимылдарының арқасында старшина Алтынбек Үсенов екі жеңіл көлікті қағып, жолдың бұғатталған учаскесінен өтіп, маневр жасай отырып, жеке құрам мен қару – жарақты қызметтік-жауынгерлік міндетті орындау орнына уақтылы жеткізе алды.

Сол күні  Ақтау  қаласында митингіге шыққандар саны  4 мыңнан асты.Бұл ретте, 6656 және 3502 әскери бөлімдерінің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында 4 бірлік әскери техниканы істен шықты (дөңгелік тесілді, келте құбырлар мен отын сымдары зақымдалды.

Алайда, 3502 әскери бөлімі командирінің техника, қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Ерболат Құсайынов, старшина Ерлан Айтпенбетов , аға сержант Ерік Өтеғұлов және ефрейтор құрал Нұрбергеновтердің  батыл және шебер іс-қимылдарымен  арқасында 2 бірлік техниканы өртеуге жол бермеді, қалпына келтіріп, эвакуациялады.

Ал, 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында тамақтандыру қызметін көрсетушілердің жүргізушілер құрамы митинг жүргізушілердің Ақтау қаласының әуежайына кіруін бұғаттауына байланысты өзара іс-қимыл жасайтын күштік құрылымдардың 6656 әскери бөлімінің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы авиабазасына тамақ өнімдерін жеткізуді жүзеге асырудан бас тартты.

QJGF5687

2022 жылғы 6 қаңтарда 3502 әскери бөлімі командирінің техника, қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Ерболат Құсайынов және 3502 әскери бөлімі әскери шаруашылық жабдықталым қызметінің бастығы аға лейтенант Асқар Юсупов әскери формаларын орнына азаматтық киім киіп, бүркемелеуді қолданып, жеке құрамға 4 тәулікке арналған азық-түлік, қоршалған аудан арқылы азаматтық автокөлікпен жеткізді.

Митингшілер тарапынан зомбылық, ұрып –соғуына және қырып-жою қауіпіне қарамастан, майор Ерболат Құсайынов пен аға лейтенант Асқар Юсупов батылдық және әскери тапқырлық танытып, қойылған міндетті абыроймен орындады.

Ал 2022 жылдың 5 қаңтарында 6655 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтөбе облысы әкімдігінің әкімшілік ғимаратын күзету және қорғау бойынша қызметтік-жауынгерлік міндетті абыроймен орындады.

Өз әрекеттерінің заңдылығына күмәнданбастан және деструктивті күштер тарапынан арандатушылыққа бой алдырмай, шебер, үйлесімді және батыл іс-әрекеттермен жеке құрам митингіге қатысушыларды арнайы құралдарды қолданып, осылайша наразылық білдірушілер арасында үрей мен қорқыныш тудырды.

Бүгінгі таңда бөлімнің жеке құрамы ерліктің, әскери борышқа адалдықтың үлгісі және үлгісі бола отырып, Ақтөбе қаласындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруда!

Сонымен  қоса, 2022 жылғы 5 қаңтарда 5517 әскери бөлімі әскери бөлімінің жеке құрамы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде табандылық пен батылдық таныта отырып, әскери қызметшілердің батыл және шебер іс-қимылдарының арқасында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің әкімшілік ғимаратынан  тәртіпсіз топты ығыстырып митингшілерді  алаңнан куып шықты.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 5 қаңтарда 5546 әскери бөлімі әскери бөлімінің жеке құрамы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде табандылық пен батылдық таныта отырып, Атырау облысы әкімдігінің әкімшілік ғимаратын митингшілердің басым Күштерінің (4 мың адам) алдында басып алуға жол бермеді.

Әскери қызметшілердің батыл және шебер іс-қимылдарының арқасында тәртіпсіз топты ығыстырып, әкімшілік ғимаратқа жақындауға тыйым салынды.

Батыс өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің 31 әскери қызметшісі бұзақылық топқа қарсы тұру нәтижесінде дене жарақатын алды. Бүгінгі күні олардың барлығы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен қалалық емдеу мекемелерінде жатыр.

-Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының  әскери бөлімдерінің жеке құрамы еліміздің қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі өзінің рөлі мен орнын және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы Қазақстан халқының қауіпсіздігі, тұрақтылық пен бейбітшілік үшін бізге жүктелген жоғары жауапкершілікті нық сезінеді. Біздің әскери ұжым алдағы уақытта да жауынгерлік әзірлікті арттыру және еліміздің батыс шекарасында жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді абыроймен орындау үшін барлығын жасайтынына сенімдімін,-деп атап өтті қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов.

Айта кету керек, полиция, Ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр. Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді.

Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлікіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда.Ұлттық ұлан жауынгерлеріне  басты міндет-ел тыныштын күзету. Бұл жағдайда әскери қызметшілер  жүктелген тапсырманы  абыроймен атқаруда.

Подполковник

Ерболат Сұлтанов

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале