29.01.2025, 12:15
Оқылды: 129

Ұлттық ұланда “Ұлы жеңіске 100 күн қалды” атты акция басталды.

2025 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде “Ұлы Жеңіске 100 күн қалды” атты акция басталды. Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

WhatsApp Image 2025-01-29 at 12.53.03

Акцияның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлерге құрмет көрсету және қоғамның назарын тарихи оқиғалардың маңыздылығына аудару. Іс-шара аясында әскери қызметшілер мен жастар ардагерлердің үйлеріне барып, олардың хал-жағдайын сұрап, қажетті көмек көрсетеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында әдеби шығармашылық конкурстар, әскери бөлімдерге экскурсиялар және жастар арасында патриоттық челлендждер ұйымдастырылады.

Мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрметті арттыруға септігін тигізеді.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале