Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Орал қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

IMG-20230930-WA0067

Аталмыш шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық қаһарманы атағының иегері генерал-майор Қайрат Үмбетов шақырылды.

Басты шараға еліміздің барлық өңірлерінен Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Пленарлық отырысты Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы ашып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке берді.

- Бүгінгі шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Халық қаҺарманы генерал-майор Қайрат Үмбетовтың қатысуы шарамыздың маңыздылығын арттырып отыр, - деп кіріспе сөзін бастады өңірлік басшы әкімінің орынбасары.

IMG-20230930-WA0064

Бақытжан Хаберұлы кеңейтілген отырысқа келген аналарға және іскер азаматшаларға өз алғысын білдірді. Ғалым да, батыр да анадан туатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Сенатының депутаты Нүрия Ниязова сөз сөйледі.

IMG-20230930-WA0066

Әскердегі сарбаздардың тәрбиесі, еліміздегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу, Мемлекет басшысы айтып өткен «Адал азаматты» қалыптастыру туралы сөз етілді.

Генерал-майор Қайрат Үмбетов жиынға қатысушыларды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан өз алғысын білдірді.

- Аналар кеңесі – бала құқығын қорғау, суицидтің алдын алу, қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайту, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқықтық бұзушылықтардың алдын алуда зор үлес қосуда, - деп Аналар кеңесінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, әскер мен Аналар кеңесінің арасындағы тығыз қарым-қатынастардың орнауының арқасында елжандылық пен патриоттық тәрбие қарқынды жүзеге асуда.

- Ардақты аналар, құрметті кеңес мүшелері, Жаңа Қазақстанның заманауи бағытта өсіп-өркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз сәтті, табысты болсын деп тілеймін, - деген тілегін арнаған Қайрат Жарылқасынұлы Аналар кеңесінің төрайымдарын Ұлттық ұланның кеуде белгілерімен марапаттады.

IMG-20230930-WA0065

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, көкейкесті сауалдарына тұшымды жауаптарын алды. Қоғамдағы аналардың орны мен рөлі маңызды деген ортақ пікірге келді.

ҚР Ұлттық ұланының

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале