3.02.2022, 15:30
Оқылды: 91

Үндістан 2022 жылы цифрлық рупия шығаруды жоспарлап отыр

Үндістан 2022 қаржы жылында цифрлық валюта шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.

photo_93842

Үндістанның қаржы министрі Нирмала Ситхараман жыл сайынғы бюджет туралы сөзінде елдің Резервтік банкі цифрлық рупия шығаратынын айтты. Министр орталық банктің цифрлық валютасын енгізу цифрлық экономикаға үлкен серпін беретінін, сондай-ақ тиімді және арзан валютаны басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал ететінін мәлімдеді.

 Ситхараман криптовалютадан түсетін пайдаға 30 пайыздық салық салу жоспарланып отырғанын айтты. Қазір бұл заң жобасы Үндістанның Орталық банкінің сараптамасында.

Жоба биылғы сәуірден келесі жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырылатыны хабарланды.

Сарапшылардың болжауынша, мемлекеттік криптовалюта, соның ішінде үнділік криптовалютаны енгізу тұтынушыларға айтарлықтай әсер етпейді, бірақ тартылған елдердің экономикасын айтарлықтай нығайтады. Блокчейнге негізделген валюта қауіпсіз транзакцияларды қамтамасыз етеді және салық салуды жеңілдетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, CBDC-тің негізгі артықшылықтарының бірі төлем инфрақұрылымын жаңғырту болады - компаниялар, банктер және тұтынушылар арасындағы ақша аударымдары транзакция түріне қарамастан лезде болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале