31.10.2022, 11:46
Оқылды: 62

Үндістанда көпірдің құлауы салдарынан мерт болғандар саны 90-нан асты

Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің құлауы салдарынан мерт болғандар саны 90-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көпір ондағы адамдар саны 500-ге жеткенде құлаған. 100-ден астам адам суға түсіп кетті.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алайда түн болғандықтан іздеу жұмыстарын жүргізу қиын болып отыр. Билік өкілдері мерт болғандар санының артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

«Құрбан болғандардың көпшілігі әйелдер мен балалар және қарт адамдар».-деді оқиға орнында жүрген Тұрғын үй құрылысы және ауылдық аудандарды дамыту министрі Бриджеш Мерджа.

Осыған дейін апат салдарынан 60 адамның құрбан болғанын жаздық.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале