11.08.2026, 17:30
Оқылды: 14

Университет – білім мен тәрбиенің ордасы

Қазіргі таңда жоғары оқу орны тек кәсібибілім беретін мекеме ғана емес, олтұлғақалыптастыратын, ұлттық құндылықтардыдәріптейтін, жас ұрпақтың дүниетанымы мен өмірлік ұстанымын айқындайтын маңыздыорта. Сондықтан университеттің бастымиссиясысапалы білім берумен қатар, елінсүйетін, жауапкершілігі жоғары, бәсекегеқабілетті әрі рухани кемел азамат тәрбиелеу.

фото
Жәңгір
хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық университетібілім мен ғылымның ғана емес, тәрбиенің де алтын ұясы. Университет қабырғасында студенттер кәсіби білімалып қана қоймай, азаматтық ұстанымынқалыптастырып, көшбасшылық қасиеттеріндамытады, қоғамдық өмірге белсене араласады. Бүгінгі студент – ертеңгі инженер, агроном, ветеринар, экономист немесе мемлекеттікқызметкер ғана емес, елдің болашағына жауаптыазамат.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімдіболуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күштіболуға бірлік керек» деген. Ал осының барлығынбір арнаға тоғыстыратын күштәрбие. Білімадамға кәсіби құзыреттілік берсе, тәрбие оныңадамгершілік келбетін қалыптастырады. Бұл екіұғым бір-бірінен ажырамайды.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардыңбойында ұлттық құндылықтарды сақтау, мемлекеттік тілді құрметтеу, академиялықадалдықты ұстану, заңға бағыну және қоғамалдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше маңызғаие. Университеттің тәрбие жұмысы дәл осы бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да студенттердіңжан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Университетте ғылыми жобалар, студенттік өзін-өзібасқару ұйымдары, дебат клубтары, еріктілерқозғалысы, шығармашылық ұжымдар мен спорттық секциялар табысты жұмыс істейді. Осындай бастамалар жастардың белсендіазаматтық ұстанымын қалыптастырып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдайды, әлеуметтікжауапкершілігін арттырады.

Еріктілік қызметіне қатысу, қайырымдылықакцияларын ұйымдастыру, экологиялық жобалардыжүзеге асыру, патриоттық және мәдени-көпшілікіс-шараларға атсалысумұның бәрі студенттердіңтек кәсіби емес, тұлғалық тұрғыдан да өсуінеықпал етеді. Себебі нағыз маман болу үшін білімғана жеткіліксіз. Әділдік, адалдық, еңбекқорлық, мейірімділік және елге қызмет етуге деген ұмтылысәрбір жасқа тән басты қасиеттер болуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевжастардың сапалы білім алуымен қатар, олардыңтәрбиесіне, ұлттық болмысы мен азаматтықжауапкершілігіне ерекше мән беріп келеді. Бұлбағыттағы міндеттер жоғары оқу орындарыныңтәрбие саясаты арқылы жүйелі түрде жүзегеасырылуда.

Университет – болашаққа бастар жол. Осындаалған білім мен қалыптасқан өмірлік құндылықтаржас маманның кәсіби қызметінде ғана емес, бүкілөмірінде бағдар болады. Сондықтан тәрбиежұмысыоқу процесінің ажырамас бөлігі, ал әрбіроқытушы мен тәлімгер – тек білім беруші емес, жасбуынның рухани дамуына үлес қосатын тұлға.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық университеті алдағы уақыттада білім мен тәрбиені қатар ұстанып, ел дамуынаүлес қосатын, жаңашыл ойлайтын, кәсіби біліктіәрі адамгершілік құндылықтары жоғарымамандарды тәрбиелеу жолындағы игі дәстүрінжалғастыра береді. Өйткені білімді ұрпақмемлекеттің интеллектуалдық капиталы болса, тәрбиелі ұрпақоның ең сенімді болашағы. Білім мен тәрбие – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Осы екі құндылық қатар дамыған жерде ғана жарқын болашақтың негізі қаланады.

Бибигүл Жексенбайқызы
Техника ғылымдарының кандидаты,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Политехникалық институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале