14.04.2022, 15:01
Оқылды: 199

Университет сахнасында – оркестр ұжымы

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы классикалық музыка кешін тамашалады.

15

Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Ұлттық құндылықтарды насихаттау айы» және «Қозы көрпеш-Баян сұлу күніне» арналған рухани кешті Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі тарту етті. Оркестрдің орындауындағы классикалық әуендермен бірге халықтық әндер мен күмбірлеген күйлерді көрермен зор ынтамен тыңдап, қошеметтерін аямады.

16

Кеш соңында сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әдемі сазды кеш сыйлаған шығармашылық ұжымға оқу орнының ректораты, оқытушылар ұжымы мен студенттері атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар оркестрге ықылас гүлі табыс етілді.

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулгазиева өнер кешін жоғары бағалаған университет ұжымына ризашылығын білдіріп, қос тараптың бірлесіп атқарар іс-шаралары әлі де жалғасын табарына сенім білдірді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале