4.02.2022, 18:00
Оқылды: 312

Университет уәдесін орындауда

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев пен С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжіне барды. 2020 жылы медколледж ҚазҰМУ-дың сенімгерлік басқаруына берілген. Ғали Есқалиев жыл қорытындысы бойынша сенімгерлік басқару нәтижесі жөніндегі ақпаратқа қанық болып, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

18

– Әкімге жыл ішінде атқарылған жұмыс барысы туралы есеп берудеміз. Оқу үдерісіне енгізілген инновациялық тәсіл туралы, жаңа әдіс бойынша қанша оқытушы дайындықтан өтетіні туралы айттым. Жыл сайын колледждің 24 студенті академиялық бакалавр аясында «Медбике ісі» бойынша университетте білім алады. Былтыр Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің дамуына 67 миллион теңге қаржы бөлінді, – деді ҚазҰМУ  ректоры Талғат Нұрғожин.

22

Колледждің оқытушы құрамы мен студенттері облыс басшысына әр секция бойынша топ-топ болып жаңа құрал-жабдықпен жұмыс барысын тәжірибе жүзінде көрсетті. Мәселен, былтыр университет қолдауымен 3 925,0 мың теңгеге «Пирогов» интерактивті анатомиялық үстелі сатып алынған. Медициналық колледждің оқытушысы Айкөркем Үмбетова жаңа жабдықпен жұмыс істеу өте тиімді екенін айтты. «Интерактивті үстел арқылы студенттерге анатомия мен физиология негіздерін үйретеміз.

16

Үстелдегі ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Жабдықтағы экран арқылы адам ағзасын тұтас әрі жекелей және әр қырынан көрсетуге, дененің ішкі мүшелерінің өзара байланысын түсіндіруге, қан айналымын бақылауға, аурулардың патологиялық өршу жолына мысал келтіруге болады», – деді Айкөркем Үмбетова. Одан бөлек Қазақ ұлттық медициналық университетінің жансақтау бөлмесіндегі науқасты күтуді үйрететін адам сұлбасы (манекен) мен жүрек пен тыныс алудың фантомдық жүйесін көрсетуге арналған жабдықты  сатып алып берген.

19

Медициналық колледждің басқарма төрағасының ғылыми және оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Алмағамбетова білім ошағы қолданбалы бакалавр бойынша 2014 жылдан бері 389 маман дайындағанын айтты. «Сенімгерлік шарт бойынша С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен бірге үш жыл жұмыс істейміз. Былтыр университет жаңа оқу құрал-жабдығын тарту етті. Академиялық ұтқырлық бойынша колледждің 7 студенті Алматы қаласындағы ҚазҰМУ-дың клиникалық базаларында практикадан өтті. 21 оқытушы университет кафедраларында білім-біліктілігін жетілдіріп келді. ЖОО қолдауымен халықаралық дәрежедегі медициналық оқу құралдары топтастырылған электронды кітапханалар қорын пайдалануға қол жеткіздік. Оған қоса медицина саласы бойынша университеттің электронды базасына енген қазақ тіліндегі кітаптарды пайдалануға мүмкіндік туды. Колледж түлектері ҚазҰМУ гранттары арқылы әрі ақылы түрде жоғары білім алуда», – деді төрағаның орынбасары.

24

– Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін ҚазҰМУ қарамағына беру оң шешім болды. Келісімшарт бойынша белгіленген кешенді жоспар сәтімен жүзеге асуда. Биыл университет басшылығы тағы да 80 миллион теңге инвестиция қаржысын құюды жоспарлауда. Ең бастысы, ЖОО ғалымдары мен профессорлары іс-тәжірибесімен бөлісуде.

199e6571-5e2c-424a-a34f-411edc26aa5a

Үш жылдан кейін сенімгерлік басқару нәтижесіне көз жеткізіп барып, екіжақты келісімшартты ұзартуды мәселесін қарастырамыз. Облысқа білікті медицина қызметкерлері өте қажет. Денсаулық саласын жетілдіруге байланысты университет басшылығы ұсынған басқа да жобаларды талқылайтын боламыз. Жоғары медициналық колледж – сапалы мамандар дайындап келе жатқан білім мекемелерінің бірі.

816aedd2-7757-49aa-8798-b3494f4f05b5

Коронавирус өршіген кезде медколледж ұжымы мен студенттерінің қосымша дағдыларды меңгеріп, індетпен күресуге бір кісідей атсалысқаны үшін алғыс айтамыз, – деді Ғали Есқалиев университет ректоры есеп берген жиында.

29

30

28

26

227

 

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале