25.01.2024, 9:30
Оқылды: 35

Үш қалада діни радикал ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана мен Шымкент қаласында және Ақтөбе облысында діни радикалдарды ұстау үшін операциялар өткізді.

8e59702d253f9c28012de51cbd890f02_1280x720

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта осы істердің мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале