4.10.2022, 15:31
Оқылды: 119

Ұстаздар күні мерекесі атап өтіледі

Ертең Ұстаздар күні мерекесіне орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік» атты мерекелік жиын өтеді.

1

Фото дереккөзі: nur.kz

Шараға қала әкімі Миржан Сатқанов, білім саласының ардагерлері, педагогтар қатысады.

Салтанатты жиында «Орал қаласының құрметті  педагогы» атағы табыс етіліп, 300 АЕК сыйақы беріледі.

Сонымен қатар «Үздік ұстаз» байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталады.

Салада 25 жылдан астам қызмет еткен және 2021-2022 оқу жылында табысты нәтижелереге қол жеткізген ұстаздарға арнайы номинациялар табысталады.

Салтанатты жиын білім беру ұйымдары өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасады.

5 қазан 2022 жыл

Уақыты: 11.00

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале