28.02.2023, 16:45
Оқылды: 37

Ұялы байланыстың базалық станциялары адам денсаулығына әсер ете ме?

Базалық станциялар – ұялы радиобайланыс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар әрекет ету аймағындағы ұялы телефондармен байланыста болады және сигналды қабылдау және беру режимінде жұмыс істейді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазды.

9B5F8A1C-B4B1-4628-B781-6A02E870DD95

Электромагниттік сәуле (ЭМС) – бұл базалық станцияның антенналарынан пайда болатын электромагниттік толқындар.

Ұялы байланыстың базалық станциясын орнату және пайдалануға беру – ұзақ және бақыланатын процесс, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық деңгейіндегі қатаң қағидалармен реттеледі. Базалық станцияны орнатуға ЭМС есептеулерінің нәтижелері көрсетілген, санитариялық-қорғаныш аймағының шекаралары және құрылыс салуды шектеу аймағы көрсетілген жобалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары береді. Базалық станцияларды кез келген ғимараттар мен құрылыстарға орналастыруда қойылатын негізгі талап үй-жайда да, аумақта да  электрмагниттік өрістің шекті рұқсат етілген деңгейін (10 МкВт/см2 аспайтын) қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР-ЖЖМ-19 бұйрығымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын  бекіту туралы» Санитариялық қағидаларға сәйкес, базалық стансалар антенналары кез келген үлгідегі қолданыстағы құрылыстарға және арнайы салынатын діңгектерге орналастырылады. Жоғары сапалы ұялы байланысты қамтамасыз ету үшін базалық станциялардың антенналарынан таралатын негізгі электромагниттік энергия бір сәуледе жиналып, жақын маңдағы үйлермен қиылыспайтын етіп жіберіледі. Электромагниттік энергияны ұялы байланыстың барлық базалық станциясы емес, тек оның антенналары ғана шығарады және олар тәулігіне 24 сағат тұрақты қуат шығармайды. Базалық станциялардың қуаты осы базалық станцияның әрекет ету аймағында бір уақытта сөйлесетін немесе мобильді интернетті пайдаланатын адамдарға байланысты. Сондықтан түнде электромагниттік сәуле деңгейі нөлге тең болады.

Осылайша, егер ұялы байланыстың базалық станциялары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдармен берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес орнатылса, сондай-ақ пайдалану кезінде санитариялық қағидалардың талаптарын бұзбаса, онда антенналардан таралатын электромагниттік сәуле халық денсаулығы үшін қауіпті емес.

Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес тұрғын, қоғамдық, өндірістік объектілердің төбесіне РТО (радиотехникалық объекті) орнатуға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының ережелеріне және «Байланыс туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы ережелеріне сәйкес пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы қабылдаған және хаттамамен ресімделген шешім болған кезде жүзеге асырылады.

2022 жылы РТО орнату бойынша БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларына барлығы 186 өтініш түсті. Оның ішінде 134 жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілсе,  санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі себепті 52 құжаттамадан дәлелді бас тартылды.

2022 жылы және ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары атына облыс тұрғындарынан радиотехникалық жабдықтар орнату мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале