12.01.2021, 9:08
Оқылды: 204

Үздік студенттердің қатарында батысқазақстандықтар да бар

2020 жылдың 1 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында «Бөбек жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас қыран» республикалық талантты студенттердің IV кітап жинағының таныстырылымы өтті.

студент1

Биыл әлемді әбігерге салған дертке байланысты сырттай қатысу түрі арқылы өткізілген жобаға еліміздегі ғылым, өнер, спортта ұйымдастырушылық қабілеттерімен жоғары жетістікке жеткен ең үздік 100 студент қана конкурстық негізде іріктелініп алынды.

Республикалық «Жас қыран» талантты студенттердің кітап жинағына өтінім білдіруші үздік студенттердің қатарында Батыс Қазақстан облысы студенттері де тыс қалмады. Олардың қатарында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері Рүстем Бегеев, Диляра Уалиева, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті Гүлдана Ғабдісәлімова үздік деп танылып, «Оқу барысында білім, ғылым, өнер, спорт саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік студент» төсбелгісімен және «Жас қыран» республикалық талантты студенттердің кітап жинағымен марапатталды.

«Бөбек жалпыұлттық қозғалысы» ЗТБ ресми өкілі Тасболат Серікқалиұлы: «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру және еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында «Жас қыран» республикалық талантты студенттердің кітап жинағы жобасын ұйымдастырған болатынбыз. Жобаға ҚР ЖОО студенттерінен 1500-ге жуық өтініш келіп түсіп, ең үздік 100 студент таңдалынды. Жобаға іріктеу кезіндегі басты басымдық студенттердің сабақ үлгеріміне, «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалардың, конференциялардың жеңімпаздарына, ҚР Ұлттық құрамасының мүшелеріне, халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен волонтерлерге  басымдық берілді, - дейді.

 

Ертай Сағындықұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале