24.06.2017, 17:26
Оқылды: 59

Үздіктер тауар өндірушілер анықталды

Корме 022  Бүгін Оралдағы жаңа Республика алаңында «Қазақстанның үздік тауары - 2017» облыстық көрме-байқауы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.

   Көрме-байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Игорь Стексов көрмеге қатысушылар мен қонақтарға «қош келдіңіздер» дей келе, бұл шараның өңіріміз үшін маңызды екеніне тоқталды.


  – Көрмеде облыс кәсіпкерлігінің әлеуеті айқын көрінеді. Қырыққа тарта компанияның өнімдері көрмеге қойылып, өндірістік, халық тұтынатын, азық түлік тауарларының тұсаукесерлері жасалуда. Байқау үздік өндірісшілерді анықтайды. Алада қатысушы кәсіпорын-компаниялардың осы қалайы жоқ, барлығы да марапатқа лайық. Бұдан бұрын Елбасының «Алтын сапа» сыйлығын «Кублей», «Агропродукт ЛТД» компаниялары алды. Ал «Гидромаш-Орион МЖБК», «Желаев нан өнімдері комбинаты», «Стекло-Сервис» кәсіпорындарының тауарлары республиканың ең жоғары марапаттарына ие болды. «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу Елбасының тапсырмасымен 2006 жылдан бері өткізілуде. Бұл тек көрме, экспозиция емес, өңір кәсіпкерлеріне дамуға, жетілуге, жаңа деңгейге көтерілуге, сапаны өсіруге және ел ішінде ғана емес, сыртқы нарықтағы бәсекелестікке төтеп беруге серпін береді», - деген Игорь Стексов көрмеге қатысушыларға өз брендтерін елге танытуда табысқа жетулеріне тілектестігін білдірді. Бұдан кейін аталмыш көрме-байқаудың аталымдары бойынша үздіктерді марапаттады.

  «Өңірлік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша 1-орын «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ға (директоры Валерий Крылов) бұйырса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС 2-орынды, «Азот зауыты» ЖШС 3-орынды иеленді. «Халық тұтынатын үздік тауарлдар» аталымы бойынша 1-орынға «Конденсат» АҚ (басшысы Валерий Жүнісов), 2-орынға «Мария ханым» сән үйі - «Жұлдыз» жеке кәсіпкерлігі, 3-орынға «KazStepService»ЖШС алды. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Нұржанар» ЖШС (басшысы Рустам Ахметов) 1-орынды, «Родник» ЖШС 2-орынды, «Орал құс фабрикасы» ЖШС 3-орынды қанжығасына байлады. Байқау жеңімпаздарына 1,2,3-дәрежелі дипломдар және «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісі табыс етілді. Сондай-ақ байқауға қатысушы өзге компаниялар алғысхаттармен марапатталды.

    Жеңімпаздар Астана қаласында «EXPO–2017» шарасы аясында өткізілетін республикалық байқауға барады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале