24.08.2021, 17:05
Оқылды: 212

«Вакцина ал, өміріңді сақта!»

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде осындай атаумен акция өткізілді.

 фото (3)

Бұл іс-шараны БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – вакцинаның адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіріп, студенттерді екпе алуға шақыру.

Шарада алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:

– Адам өміріне ең қауіпті жұқпалы індетті жеңудің бір ғана жолы – вакцинация. Бір адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетін екпе арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, – деп, студенттерді өз денсаулығын қорғауға шақырды.

Іс-шара барысында университет студенттері ән шырқап, көңілді тапқырлар командасы өз өнерлерін көрсетті.

Білім алушылар І курсқа түсуші студенттерді вакцина алуға шақырып, өздері де соларға үлгі болатындықтарын жеткізді.

– Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз. Бүгін І курсқа қабылданушы студенттерге екпе алудың маңызды тұстарын түсіндіруге тырыстық, – дейді университеттің «Индустриалды-технологиялар институтының» 4-курс студенті Ескендір Сержанұлы.

Кеш жүргізушісі жуырда коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан студенттер арасында ынталандыру сыйлықтары ойнатылатынын ескертті.

 

БҚАТУ-дың медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале