18.10.2021, 19:02
Оқылды: 111

Вакцинацияның арқасында өмір сүру ұзақтығы 60-тан 74 жасқа дейін ұзарды - ректор

Алматыда өткен «Ментальды денсаулық және COVID-19» конференциясында сарапшылар вакцинациядан бас тарту проблемасы туралы өз ойларын ортаға салды.

ACB4BEE7-3877-4881-A137-822336EA3F90

«В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Всеволод Розановтың айтуынша, стресс жағдайында кейбір адамдарда фантастикалық немесе мифологиялық ойлау қабілеті күшейеді. «Әрине, вакцинаға қатысты қиындықтар бар, бірақ біз тұтас адамзат туралы ойлануымыз керек. Қазір адам өзінің жайлы жағдайының бұзылмауын қалайды. Бірақ біз эгоизм, эгоцентризм ауыр сынаққа ұшыраған жағдайға тап болып отырмыз. Біз табиғаттың бір бөлігі екенімізді, кейде онда әртүрлі жағдайлар орын алатынын түсінуіміз қажет. Әрдайым ең нашар жағдайға дайын болуымыз қажет. Мен мұны біз қазір осындай тенденция жүріп жатқанын түсінуіміз үшін айтып отырмын», - деді ол. ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин вакцинация миллиардтаған адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.

«Қазақстанда вакцинацияның арқасында өмір сүру ұзақтығы 60 жастан 74 жасқа дейін ұзарды. 21 ғасырдың кез келген инновациялық технологиясы миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Бірақ, вакцинация миллиардтаған адамды құтқарады. Бұл вакцинаның қандай пайдасы бар екенін түсіну үшін жеткілікті. Біздің университеттте оқытушылар да, басқа қызметкерлер мен студенттер де 100 пайыз екпе салдырды. Біз оларды ынталандырмадық, біз дәрігер ретінде өзіміз үлгі көрсетсек, онда халық сенім білдіретінін түсінеміз. Осында білім алатын балалардың арқасында 100 пайыз екпе алдық және офлайн режимде оқып жатырмыз», - деді ол.
Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының президенті Сағат Алтынбеков вакцинация бүкіл адамзаттың өмір сүруі үшін қажет екенін алға тартты. «Екпе салдыру - әлемді аман алып қалу үшін міндетті шарт. Ресейдің де, Қазақстанның да өз екпесі бар, сөйтіп жолы болды. Бізде вакцинаның 4 түрі бар, олар тегін. Халықта бұған үйренді - әрі тегін. 4 миллион Pfizer вакцинасы сатып алынды. Олар балалар мен жүкті әйелдердің дені сау болсын деген мақсатта алынды. Бұл - біздің салық төлеушілердің ақшасы. Біз оған саналы түрде барамыз. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруін қаласақ, онда мемлекет жасап жатқан барлық игілікті дұрыс қабылдауымыз қажет», -деді ол.

«Ментальды денсаулық және COVID-19» конференциясында Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литваның үздік мамандары сөз сөйледі. Айта кетейік, аталмыш конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы және психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале