12.02.2024, 16:15
Оқылды: 11

Василий Радлов: «Қазақтың тіл тұтастығы таңқалдырды»

Көрнекті шығыстанушы, түрколог Берлин университетінің философия факультетінің түлегі Василий Радлов 1837-1918 жылдары өмір сүрген. Ол 1858 жылы 21 жасында университетті бітірген жылы философия докторы атанып, сол жылы Петербургке аттанып кетеді.

жп дала

Өзінің барлық ғұмырын түркі және басқа халықтардың тілін зерттеуге арнаған Радлов лингвистика, тарих, археология, этнография саласында көптеген еңбек жазады. Ол моңғол, татар, маньчжур және қытай тілдерін жақсы игереді.

Ғалым «Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласында өмір сүретін түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» және «Түркі тілдерінің түбегейлі сөздігі» атты еңбектерінде түркі халықтарының тілін, фольклорын және этнографиясын ғылыми тұрғыда зерттейді.

Ғалым аталған еңбегінде: «Қырғыздар өздерінің ұғымы жағынан да, тілі жағынан да бірегей. Кең дала секілді, барлық жерде бірдей мінездерін сақтаған, еш жерде ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл даланың адамдарының да тұрмысы мен ұғымы және тілдерінің біркелкілігіне осыншалықты кең далада мұндай тұтастыққа таң қалмасқа болмайды...

Қырғыздар, өздерінің басқа тайпаластарына қарағанда, сөзге шешендігімен ерекшеленеді. Қырғыздың әдеби шығармаларын қырғыздардың өзі екі бөлікке бөледі. Қара өлең және кітаби өлең...» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале