18.01.2023, 11:31
Оқылды: 17

Ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияз экспортын тоқтатты

Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды, деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

34a716bd016f6884421df48204188f78_1280x720

Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкелді.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай – ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тоннаны құрады. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынады.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың расталған қоры 152,4 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14% ғана. Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкету тәуекелдерін болдырмайды.

Айта кету керек, республикада пияздың көтерме бағада бір келісі 150-170 теңгені құрайды, ал көршілес Ресей мен Өзбекстанда баға 240 теңге көлемінде тұрады. Сонымен қатар, Qaztrade мәліметтері бойынша, Өзбекстан мен Тәжікстан өз елдерінде пияз экспортына шектеу қойған болатын.

Үкімет жақын арада нарықтық жағдайды жақсарту кезінде барлық шектеулерді уақтылы алып тастау үшін елдегі және әлемдегі жағдайды мұқият қадағалайды.

Фермерлер үшін пияз экспортына тыйым салудың жағымсыз салдарын азайту үшін бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден пиязды ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларына, сондай-ақ сауда желілері арқылы айналым схемасы арқылы сатып алудың әртүрлі тетіктері іске асырылуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале