15.09.2026, 11:15
Оқылды: 6

Велосипедіңізді ұрлатып алмаңыз: полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады

Велосипед – құнды мүлік. Алайда оны сақтау кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын ескермейтін тұрғындар аз емес. Қараусыз қалған немесе сапасыз құлыппен бекітілген велосипед қаскөйлер үшін оңай олжаға айналады, - деп жазды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
A royalty free image from sports and recreation of a bike theft in progress.

Сурет: istockphoto.com

Велосипед ұрлығы көбіне оны қайта сату немесе бұзақылық мақсатында жасалады. Жыл басынан бері Павлодар облысында 79 велосипед ұрлығы тіркелген.

Ең алдымен, велосипедті қараусыз қалдырмаған жөн. Оны берік металл тросы бар сенімді құлыппен бекітіп, мүмкіндігінше күзетілетін немесе бейнебақылау камералары орнатылған орындарға қойған дұрыс.

Сондай-ақ велосипедтің негізгі бөлшектеріне арнайы белгі қойып, техникалық құжаттарын сақтаңыз. Екі дөңгелекті көліктің фотосын түсіріп алу да ұрланған жағдайда оны іздеуге көмектеседі.

Егер велосипедіңіз ұрланса, дереу полицияға хабарлаңыз. Оқиғаның нақты уақытын белгілеп, маңайдағы бейнебақылау камераларының бар-жоғын анықтаңыз. Куәгерлер болса, олардың байланыс деректерін жазып алған жөн.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жеке мүлкін қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале