21.06.2022, 10:31
Оқылды: 100

Волейболдан Ұлттық ұлан құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Оралда БҚО «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы мен облыстық ішкі істер департаменті және ішкі істер органдары ардагерлерлер кеңесінің ұйымдастыруымен полиция полковнигі Т.Еспановты еске алуға арналған облыстың құқық қорғау және ішкі істер органдары ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті. Сондай-ақ бұл турнир Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

PHOTO-2022-06-18-22-09-51

Турнирдің басты мақсаты - ұрпақтар сабақтастығы қағидатын дамыту, ардагерлерді спорттық іс-шараларға және салауатты өмір салтын ұстануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, бөлімдердің ардагерлерін жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға кеңінен тарту, командалық спорт түрлерін одан әрі дамыту және танымал ету, сонымен қатар қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

PHOTO-2022-06-18-22-09-50

Турнирде он команданың ішінде дара шыққан Ішкі істер департаментінің ардагерлер командасы жүлделі бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі ардагерлерінің командасы қанжығысына байласа, жүлделі үшінші орынға Шыңғырлау аудандық ішкі істер органдарының ардагерлері командасы тұрақтады.

Жеңімпаз бен жүлделі орынды иеленген командалар БҚО «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының дипломдарымен, медальдарымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале