27.02.2020, 17:11
Оқылды: 85

«Волонтерлар қатарына қуана қабылдаймыз»

Жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілерге ашылған бос жұмыс орындарына лайықты қызметкер іріктеуге жәрдем беру ісімен БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы тікелей айналысып отыр.

 volonter (2)

Жастардың фриланс режимінде бір алаңда және кеңседе отырып жұмыс істеуіне, жаңа идеяларды жарыққа шығарып, жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында коворкинг орталығы жұмыс жасауда. «Bastau» коворкинг орталығының мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, әр түрлі жобаларды жүзеге асыру, облысымыздың қоғамдық бірлестіктерінің мақсат-міндеттерін таныстыра отырып, волонтерлар қатарына тарту.

Биыл «Волонтерлар жылы» деп жарияланғасын орталықта волонтерлармен жұмыс күшейтіліп, Президент Қ.Тоқаевтың  «Біргеміз»  атты тұжырымдамасы негізінде 7 жалпыұлттық жобасы бойынша нақты шаралар, кампаниялар ұйымдастырылуда.  Айта кететіні, жыл басынан бері 20-дан астам шара өткізіліп, нақты мәселелер шешімін тапты. Мысалға, ақпан айында жалғызбасты Айнұр есімді ана шарасыздықтан кәмелетке толмаған баласымен вагонда тұрып келген. Белсенді волонтерлармен жүйелі жүргізілген жұмыс арқасында бұл мәселе түйінін тауып, тегін негізде тұратын баспанамен қамтылды.  Сонымен қатар қаламыздағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап олардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мұзда сырғанау алаңын салысты. «Ақжайық жастары» волонтерлары осындай ірілі-ұсақты шаралардың басынан табылуда. 2020 жылы «Волонтерлар жылы» деп жариялануының өзі волонтерларымызға ерекше серпіліс бергендей.

volonter (1)

Осы орайда өңіріміздің барлық жастарын Н.Назарбаев даңғылы, 188 мекенжайында орналасқан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа шақырамыз және қатарымызға қосылғысы келетін еріктілерді қуана қарсы аламыз.

www.volunteer07.kz  сайтына тіркелу арқылы өңіріміздегі кез-келген шараға волонтер болу мүмкіндігіне ие боласыз.

Әсия Сарманова,

облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале