26.12.2019, 20:03
Оқылды: 133

"Хадиша әлемі" фестиваліне кәсіби сыншыларды шақыртпақпыз"

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында"Театр. Атқарылған жұмыс, алынған асулар мен алдағы жоспарлар. Өнер ордасы мен қоғам арасындағы алтын көпір - байланысты одан әрі жақсарту жолдары" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

-Алғаш рет Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жаңа жылға арналған қайырымдылық кеші өтті. Бұл мерекелік шараға "Зашаған" және "Шаңырақ” балалар үйінен, Подстепное елді мекенінен, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептен, облыстық балалар үйінен, Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектептен оқушылар келіп, И.Миччидің "Арыстан патша" ертегісін тамашалады.

teatr (2)

Ал театрдың қызметкерлеріне "Сахнагер - 2019" Ұлттық театр сыйлығының берілуі біз үшін зор мақтаныш әрі үлкен қуаныш.

Қол жеткен жетістіктер толымды. Хадиша театры алыс- жақынға танылған, айтулы өнер шаңырағы екенін дәлелдеп келеді.

Бізге одан әрі өсіп, биіктеп, өрлей түсіп , жан-жақты жетілу керек. Театрларға қойылар талап зор. Көрермен талғамы күн санап өсуде. Сәйкесінше, біз де батыл ізденіспен еңбек етуге тиістіміз. Алдағы уақытта тек облысымыздың аумағында ғана емес, көршілес Ресей елімен мәдени байланысты нығайту мақсатында іргелес тұрған Орынбор, Самара, Астрахань, Волгоград, Саратов қалаларына өнер сапарын ұйымдастыру жоспарда бар.

Тәжірибе алмасып, майталман шеберлердің мектебімен қоян-қолтық жұмыс істеп, шеберлікті шыңдау үшін жоспар құрудамыз. Соның ішінде, репертуарымызға С.Мрожектің "Шекара" (Дом на границе") қойылымын алып, оны сахналасуға Грузия елінің танымал сценографы, суретші, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Томри Охикянды шақырмақпыз. Сондай-ақ Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, Орта Азия елдері театрлар фестивалінде "Ең үздік ер адам" бейнесі номинациясының, Ә.Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған Семейде өткен фестивальде "Адамзат" спектаклі үшін "Үздік спектакль" номинациясының иегері болған Данияр Базарқұлов осы қойылымды сахналайды, - деді театр директоры Салтанат Абулғазиева.

Директордың айтуынша, театрдың қоғаммен байланысын нығайтуда заманауи тәсілдерді енгізу жолдары мен бағдарламалары да кеңінен қарастырылады. Жарнама, жеке және топтық сатылымдар, PR, жарнамалық парақшалар мен әлеуметтік желі, сайт материалдарының үш тілде дамуына перспективтік жоспар, халықаралық деңгейде ақпарат тарату, театрда "Баспасөз және қоғаммен байланыс" бөлімін ашу жоспарда тұр. Мұнымен қоса, республикалық және алыс-жақын шетелдерге фестивальге қатысуға және гастрольдер жасау үшін штаттық кестеге сәйкес үш тілді меңгерген мамандар жұмыс жасайтын "Гастрольдер мен халықаралық қатынастар бөлімін" ашу ойда бар.

-Ынталандыру, еңбекті бағалау үшін алдағы уақытта фестиваль, байқаулар өткізіп тұрмақпыз. Осы тұста бір айта кетерлігі, сыншының театр жұмысында атқарар рөлі. "Сыншы- театрдың барометрі" деген сөз бар. Сондықтан драматург, режиссер, актерлардың кәсіби шеберлігі, өнердегі тағдыры кей кезде сыншыға да байланысты. "Хадиша әлемі" фестиваліне арнайы кәсіби сыншыларды да шақыртпақпыз, - деді театр директоры.

teatr (1)

Содан соң театрдың ізденісі туралы театр әртісі Жасқайрат Валиуллиев те ойын ортаға салды.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале