10.03.2020, 12:00
Оқылды: 257

«Хадиша әлемі» театрішілік фестивалі өтеді

      Ағымдағы жылдың 16-19 наурыз күндері Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор, көрнекті театр және кино актрисасы Хадиша Бөкееваға арналған «Хадиша әлемі» театрішілік фестивалі өтеді.

teatr

Шараның мақсаты – театр өнері тарихында айшықты із қалдырған айтулы тұлға – Х. Бөкееваның рухын ұлықтау арқылы бір жыл бойы көрермен назарына ұсынылған қойылымдарды саралап, театрдың көркемдік деңгейін, бағытын анықтап, болашағына бағдар жасау.

Teatr 3

Фестиваль аясында ерекше талпынысы мен белсенді ізденісі арқылы өзгелерден оқ бойы озық шыққан шығармашылық ұжым қызметкерлері және театрдың тыныс-тіршілігін насихаттау ісіне үлес қосып, өнер ордасы мен көрермен ортасына алтын көпір орнатқан БАҚ өкілдері марапатталады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале