14.10.2022, 14:48
Оқылды: 184

Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келмейді - ОСК

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловтың Конституциялық және «ҚР сайлау туралы» заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221013113805a3990058d

Айта кетейік, оның кадидатурасын 11 қазанда «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың баяндауынша, Хайрулла Ғабжалилов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелу үшін тиісті барлық құжаттарды тапсырған. Кейін үміткер туралы деректерді тексеру үшін ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен ақпарат сұратылған. Нәтижесінде кандидаттың мемлекеттік қызмет өтілінің болмауына байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 7 және 3-тармақтарына, сондай-ақ 59-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Хайрулла Ғабжалилов қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.

Осылайша, үміткерді тікеуден бас тарту туралы шешім көтерілді. Оны Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бір ауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, Хайрулла Ғабжалилов ҚР азаматы емес және Қазақстанда соңғы 24 жыл тұрмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале