27.10.2021, 10:30
Оқылды: 107

Халық қалаулылары тұрғындармен жүздесті

Осыдан 9 ай бұрын сайланған депутаттар халық алдында есеп беріп, тұрғындар үніне құлақ түруде. Кеше дәл осындай кезекті кездесудің бірі Жастар мәдениет үйінде өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, Орал қаласында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жобасы аясында Орал қалалық мәслихатының депутаттары Аида Маратова, Владимир Юркевич, Валерий Крылов және қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев тұрғындармен кездесті.

WhatsApp Image 2021-10-27 at 09.49.30

Аталмыш кездесуді “Медет-Опора” қоғамдық қорының директоры Амангелді Дәулетжанов ашып жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Локомативная 47/1 үйінің қасында, әсіресе аталмыш шағын ауданда құжаты жоқ азаматтарды қабылдап-тарату орны, яғни түнеу пункті орналасуы салдарынан қаңғыбастар қаптап кетті. Бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Тұрғындар аталмыш пунктті қаланың шетіне көшіруді сұрады. Осы округтың тағы бір үлкен проблемасы – №35 маршруттын өте сирек жүруі, тұрғындар қоғамдық көлікті көп күтуге мәжбүр. Сондай-ақ тұрғындар №45 маршруттың қозғалысын қайта жандандыруды сұрады, №33 маршруттың дұрыс жүрмейтініне, ал №2 автобустың жиі сынуына шағымданды. Оған қоса Карбышев көшесінде екі жыл қатарынан ағаштар қиылмағаны айтылды.

WhatsApp Image 2021-10-27 at 09.49.27

Абай 119 мекенжайының тұрғыны пәтер иелері кооперативі (ПИК) төрағасы мүлдем жұмыс істемейді деген уәжін алға тартты.

Осымен екінші кездесуде бір мәселені көтеріп отырған азамат қала ішінде еш қымсынбай жүретін жүк көліктеріне наразылық білдірді. Жол ережесіне сай ауыр жүк көліктері қаланың шетінде өздеріне арнайы бекітілген жолмен жүруі керек.

Жиын соңында Қанат Өмірәлиев көтерілген мәселелерге жауап берсе, Амангелді Дәулетжанов ұсыныстарды шешу үшін халық қалаулылары тиісті орындарға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

Назгүл Қожанбаева,

"Nur Otan" БҚО филиалының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале