21.02.2022, 15:30
Оқылды: 129

Халық қалаулысы жолаушылар тасымалдайтын компания қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов облысқа іссапары барысында Орал қаласының жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жолаушылар тасымалы саласындағы өзекті мәселелерімен танысты.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 15.18.15 (2)
Орал қаласы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар басшыларының айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша өзекті мәселелердің бірі - қалааралық тіркелмеген такси көліктерінің жаппай көбеюі салдарынан автобекет мекемесі қарауындағы автобустарын аптасына бір немесе екі рет жолға шығаруға мәжбүр, өйткені автобуспен барамын деуші жолаушылардың саны аз. Соған сәйкес, штат 90%-ға қысқарып, жалақылары төмендеген.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 15.18.15

Сонымен қатар автобус жүргізушілеріне келушілер де аз, себебі D категориясын алу үшін ең алдымен олар D1 категориясын алуы қажет, ал ол категорияны алу үшін кем дегенде 3 жыл Газель тізгіндеуі керек екен. Қазіргі таңда қала бойынша Газель санын қысқартып, орнына жаңа автобустар берілуде. Егер қала бойынша Газель жүргізу мүмкіндігі болмаса, олар автобекетке қалай жүмысқа кірмек? Бұл жүйе жалпы біздің транспорттық логистикамызды одан әрі дамуына кері әсерін тигізеді. Осыған қарамастан, автобекет өз жұмысын жалғастыруда. Осы және тағы да басқа сұрақтардың шешімін табу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесуге келіп отыр.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 15.18.16 (1)
​Барлық мән-жайды білген Аманжан Мәкәрімұлы кездесуге келген азаматтарға жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ұсынысты тікелей өзіне жолдауды айтты. Бұл мәселенің оң шешілуі заңнамалық актілерге өзгеріс енгізулерден кейін өз шешімін табуы ықтимал екенін жасырмады. Аталған ұсынысты депутаттық сауал ретінде Орталық деңгейде жауапты мекемелерге жолдайтынын жеткізді.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 15.18.16

"Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале