9.09.2022, 15:15
Оқылды: 188

Халық саны 50 адамға жетпейтін ауылдарда дәрігер үйде қызмет көрсетеді

Халық саны 50 адамға жетпейтін ауылдарда дәрігер үйде қызмет көрсетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21

«Мемлекет басшысының ауыл халқына медициналық-санитарлық алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Оған сәйкес халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық көмекті медицина қызметкері үйде қамтамасыз етеді. Бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған. Халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі елді мекендерде - медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1 500 адамға дейінгі ауылдарда - фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады. Бұл 3 медицина қызметкерінің халыққа көмек көрсетуіне мүмкіндік береді» - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ажар Ғинияттың атап өтуінше, халық саны 1 500-ден 5 000 адамға дейін ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар және халық саны 5 000-нан асатын ауылдарда медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталықтары ашылады.

«Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарының қажет болғанда алғашқы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале