28.08.2023, 11:30
Оқылды: 34

Халықаралық конференция өтті

Алматыда «Қазақстанның құрылыс саласын цифрландыру» халықаралық конференциясы ұйымдастырылып, оған 200-ден астам адам қатысты.

afb5332a0c5fdee0dfb49802ea3422da_1280x720

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жиын барысында қатысушылар құрылыс нарығындағы даму үрдістерді талқылап, табысты кейстермен бірге өзара пікір алысты.

Жаппай әлемдік деңгейде қарқын алған цифрландыру бағыты қазір кез келген саланың қозғаушы күшіне айналды.

Аталған конференцияны өткізу арқылы салалық ұйымдардың бір-бірімен іс-қимылын нығайтып, құрылыс секторына тиімді цифрлы технологияларды енгізу жолдарын қарастырып, сондай-ақ жұмыс процесін оңтайландырудың тетіктерін пысықтау көзделді.    

Халықаралық іс-шараның барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович «ҚР құрылысындағы цифрландыруды мемлекеттік реттеу» тақырыбында қызықты мәліметтерді жеткізіп, құрылыс нысандарын ақпараттық модельдеу технологиясына (ТИМСО, BIM) байланысты әзірлемелер мен осы саладағы цифрландыру процестерін реттеу жөніндегі міндеттер мен жоспарлар туралы айтып берді.

Бұдан бөлек осы іс-шараның аясында 25-ші тамызда отандық девелоперлердің тұрғын үй құрылысындағы үздік жетістіктерін көрсету жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале