21.09.2023, 9:15
Оқылды: 30

Халықаралық тасжолдарда қарақшылықпен айналысқан топ ұсталды

Олар облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен, деп хабарлайды Baq.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

F4FBEDD4-E635-42BE-9F18-6F63F33AAF7E

2023 жылғы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті.

– Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен. Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале